Скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс

Скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік демалыс қызметкерлерге денсаулықты қорғауға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ықпал ететін жағдайлар жасау үшін беріледі.

Осындай демалыс шеңберінде қызметкерлердің скринингтік медициналық зерттеулерден өту үшін жылына үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге жұмыстан босатылуға құқығы бар. (ҚР Еңбек кодексінің 87-бабының 5-тармағы).

Қызметкердің өтініші негізінде жұмыс беруші көрсетілген демалысты келесі шарттарды сақтай отырып беруге міндетті:

- Жұмыс орнын (лауазымын)сақтау;

- Орташа жалақыны сақтау;

- Жұмыс берушінің кедергісіз жұмыс уақытында демалысы.