Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы «Білу қызық» телехабарына сұхбат берді

Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы «Білу қызық» телехабарына сұхбат берді

Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы «Білу қызық» телебағдарламасына қатысып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы маңызды мәселелерді қозғады.

Сұхбат барысында жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір қызметкердің тиімді, тұрақты әрі қауіпсіз жұмысының негізі екені, сондай-ақ бұл жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі болып табылатыны атап өтілді.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

  • өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін заманауи технологияларды енгізу;

  • қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қызметкерлердің қатысуы;

  • кәсіпорындарда өндірістік оқыту мен біліктілікті арттырудың маңызы.

Сұхбаттың толық нұсқасын IrbisTV телеарнасының YouTube арнасынан көруге болады.