Өндірістік объектілерде жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде өндірістік объектілердің аттестаттауы жүргізіледі.
Аттестаттау арнайы мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді міндетті түрде мерзімдік аттестаттау қағидаларына (№1057) сәйкес кемінде 5 жылда бір рет жүргізіледі.
Әрбір жұмыс орны жұмысшының денсаулығына әсер ететін зиянды және (немесе) қауіпті факторларды анықтау мақсатында аттестаттаудан өтуі тиіс.
Аттестаттау нәтижелері келесі мақсаттарда қолданылуы мүмкін:
Жұмыс орындарын аттестаттау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бұл еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тиімді жоспарлауға және өндірістік ортаны сауықтыруда оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.