Мемлекеттік қызметкерлерге – құқықтары, қауіпсіздігі және жауапкершілігі туралы: Еңбек инспекциясындағы семинар нәтижелері

Мемлекеттік қызметкерлерге – құқықтары, қауіпсіздігі және жауапкершілігі туралы: Еңбек инспекциясындағы семинар нәтижелері

Мемлекеттік еңбек инспекциясында мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен этикалық мәдениетті арттыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға департамент қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен бейінді ұйымдардың шақырылған сарапшылары қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуын болдырмау шаралары талқыланды. Осы тақырып бойынша Дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының лекторы Д.К. Закарьянов баяндама жасады.

Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен сексуалды қысым көрсету фактілерінің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Бұл бағытта Әйелдерді балаларымен бейімдеу және оңалту орталығы директорының орынбасары Ф.Р. Мардамшинова сөз сөйледі.

Сондай-ақ Павлодар облысы Полиция департаменті отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары Бексултанова Г.Т. мен Хасенова М.С. әйелдерді қудалау мен кемсітудің алдын алу жөніндегі ұсыныстарын ұсынды.

Семинарға қатысушылар аталған құқық бұзушылықтар үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы толық ақпарат алды.