2025 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.А.Жұқан мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті әзірлеген Павлодар облысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құқықтарын дербес қорғау бойынша әдістемелік ұсынымдар қаралды.