Семинарда мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысып, келесі мәселелер қаралды:
🔹 педагог қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтарына жатпайтын жұмыстарға тартуға жол бермеу;
🔹 еңбек демалысына төлемдерді уақытылы төлеу;
🔹 міндетті әлеуметтік аударымдар мен өзге де төлемдерді уақытында аудару;
🔹 еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру және оны қолдану тәжірибесі.
Іс-шараның мақсаты – еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.