Павлодарда еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті

Павлодарда еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті

Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде
«Павлодар облысы кәсіпорындарында жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Спикер ретінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Қапанов Асқар Қапанұлы сөз сөйледі.

Іс-шара барысында еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер қаралды, еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу шаралары, бақылау қызметінің тәжірибесі, сондай-ақ өңір кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру бағыттары баяндалды.

Сонымен қатар, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығын қамтамасыз ету, жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік органдардың ұйымдар және еңбек ұжымдарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.