Павлодар ауданында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өтті

Павлодар ауданында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өтті

               Павлодар ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан әкімі, аудан прокуроры және Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілдерінің қатысуымен шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізілді.

               Кездесу барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды:
— жұмыскерлермен еңбек шарттарын ресімдеу,
— еңбекақыны уақтылы әрі толық төлеу,
— өндірістегі жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті сақтандыру.

               Шаруа қожалығы басшыларына еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, оны сақтау бойынша ұсынымдар берілді.