Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауы кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау аса маңызды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
Ашық ауада, жылытылмайтын жабық үй-жайларда, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердің суыну және демалу үшін арнайы үзілістерге құқығы бар.
⏱ Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады.
📌 Жұмыс беруші жұмыскерлердің суынуы мен демалуына қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті.
Кеңсе жағдайындағы еңбек талаптары:
Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес, жұмыс орындары орналасқан үй-жайларда келесі жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс:
— ауа температурасы,
— жарықтандыру,
— желдету — санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес.
Ыстық ауа райына байланысты ұсынылатын шаралар:
— Жұмыс күнінің басталу уақытын 1,5–2 сағатқа ертерек ауыстыру;
— Негізгі міндеттерді таңертең немесе кешке орындау;
— Жұмыс орындарындағы температуралық талаптар сақталмаған жағдайда жұмыс уақытын қысқарту.
Егер кеңседе кондиционер орнатылып, ауа температурасы нормаларға сәйкес болса, жұмыс уақытын қысқартудың қажеті жоқ.