Екібастұз қаласының сәулеттік келбеті туралы
Екібастұз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне көркем муралдарды — сәулет құрылыстары мен тұрғын үй ғимараттарында тікелей жасалған бейнелер болып табылатын монументалды және сәндік өнер туындыларды салу жобасы жүзеге асырылуда.
Осы жоба шеңберінде 2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша "EMD-group" ЖШС-мен 39,2 млн теңге сомасына шарт жасалды. Жоба 9 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне, сондай-ақ жалпы ауданы 641 шаршы метр қоршауларға көркем суреттер салуды көздейді.
Бүгінге дейін бірқатар көпқабатты үйлердің қасбеттеріне еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғалар: ақын, этнограф, шығыстанушы Мәшір Жүсіп Көпейұлы, Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, ақын, жазушы, композитор Естай Беркімбаев және басқалар бейнеленген қабырға суреттерді салу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жобаны іске асыру эстетикалық тартымды қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ тарихи тұлғалар мен мәдени мұраны танымал етуге бағытталған.