
Аян Бейсекин Екібастұз қаласының екінші шағын ауданындағы бес қабатты үш үйдің құрылыс барысын тексерді.
Олардың құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары мен инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілуде.
«Ең бастысы орындалатын жұмыстардың сапасына назар аудару қажет. Авторлық және техникалық қадағалау мамандары күн сайын нысанда болуы тиіс», - деп атап өтті қала әкімі.
Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін пәтерлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында жеңілдетілген кредиттік бағдарламалар шеңберінде берілетін болады.
Соңғы бірнеше жылда бюджеттік және жеке инвестициялар есебінен 250 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.