Параспортшылар арасындағы пауэрлифтинг турнирі

Параспортшылар арасындағы пауэрлифтинг турнирі

Екібастұз өңірінде бейімдік  спортты дамытуға баса назар аударылады. Бүгінгі таңда 600-ден астам спортшы түрлі секцияларға қатысады.

Павлодар облысы әкімінің пауэрлифтинг бойынша кубогы өтті, оған облыстың түкпір-түкпірінен спортшылар жиналды.

«Бүгінде жергілікті атқарушы органдар кедергісіз орта құруға, инклюзивті кабинеттер мен сыныптар ашуға көп көңіл бөлуде. Біз үшін бейімдік спортты дамыту  маңызды, сондықтан мұндай жарыстар жалғасатын болады», - деп атап өтті Екібастұз қаласының әкімі.

Аян Бейсекин спортшыларға сәттілік пен толағай табыс, туған жерін халықаралық ареналарда  танытуды тіледі.