Садақ атудан турнир

Садақ атудан турнир

Садақ ату  – көшпенді халықтың көнеден келе жатқан мергендік спортының бір түрі. Қазір садақ ату - бұл дене бітімін сақтауға, дәлдікті, ойлау өткірлігін дамытуға ықпал ететін әдемі және қызықты спорт түрі.

Екібастұзда садақ ату сабағына 50-ге жуық спортшы қатысады.

«Екібастұз өңірінде ұлттық спорт түрлерін насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату садақ ату және ат спорты түрлерінен біздің спортшылардың қоржынындағы жетістіктер аз емес»,- деді Екібастұз қаласының әкімі.

Аян Бейсекин спортшыларға сәттілік пен толағай табыс, туған жерін халықаралық ареналарда  танытуды тіледі.