Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мәжілісі

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мәжілісі

Төтенше жағдайлар департаментінің, Екібастұз өңірі ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның мәжілісі өтті.

Қыс бойы қардың үздіксіз шығарылуына қарамастан, ауа-райының күрт жылынуына байланысты тұрғын үйлер мен автожолдарды су басу қаупі бар. Аян Бейсекин ауылдық округтердің әкімдеріне су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды тапсырды.

Көктемгі-жазғы кезеңдегі ауа-райын ескере отырып, дала аймағында өрт шығу қаупі бар. Ауылдық округтерде өртті  жедел  жою және оның таралуын болдырмау үшін өртке қарсы ерікті құралымдар және 6 өрт сөндіру бекеті бар.

«Әр ауыл әкіміне 2 апта ішінде елді мекендердің барлық өрт гидранттарын тексеруден өткізуді, ақау анықталған жағдайда жұмыс жағдайына келтіруді тапсырамын», - деді Екібастұз қаласының әкімі.

2023 жылы қалалық бюджет есебінен арқаға ілінетін бензинді
202 бүріккіш сатып алынды. Өрт сөндіру бекеттерін күшейту үшін
2024 жылы сыйымдылығы 6 тонналық 9 цистерна сатып алуға қаражат бөлінді.