Алдағы жылыту маусымына дайындық

Алдағы жылыту маусымына дайындық

Екібастұз қаласының әкімі «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС өкілдерімен алдағы 2024-2025 жылыту маусымына дайындық жөніндегі кеңес өткізді.

Мәжілісте магистральдық желілерді температурамен сынау, магистральдық және орамішілік желілерді гидравликалық сынау мәселелері қамтылған  іс-шаралар жоспары талқыланды.

«Бұл іс-шаралар осал жерлерді анықтауға және оларды 2024-2025 жылыту маусымын үзіліссіз және қауіпсіз өткеру үшін жоюға көмектеседі. Аталған іс-шараларға облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді» - деп айтты Екібастұз қаласының әкімі.

Сондай-ақ, жазғы кезеңде өткен жылдағыдай басқару органдарымен бірлесіп, көп пәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар мен жекеменшік үйлерді дайындау жүргізілетін болады.