ҚР Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер, әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке қарсаңында Екібастұз қаласы қиын кезеңді бастан өткерді.

Осы қиын-қыстау кезеңде мен үшін және көптеген қазақстандықтар үшін ұстамдылық, табандылық, азаматтық жауапкершілік пен жинақылықты сақтаудың ең жақсы үлгісі сіздер, екібастұздықтар болдыңыздар деп айта аламын!

ТЖ режимінің барлық күндерінде төзімділік пен азаматтық жауапкершілік танытып, өз еркімен көмектесуге шыққан қаламыздың қарапайым тұрғындары осынау күрделі уақытта жағдайды тұрақтандыруға үлкен үлес қосты.

Өңіріміздің және басқа да облыстардың қала құраушы кәсіпорындарының авариялық - қалпына келтіру бригадаларына, волонтерларға, сондай-ақ қаланы жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті іс-қимылды қабылдап,тәулік бойы еңбектенген Төтенше жағдайлар министрлігі күштерінің топтарына шексіз алғысымды білдіремін.

Бұл жағдайда қабылданған кез-келген шешім, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігі үшін, әдеттегі өмір салтын қалпына келтіру үшін қабылданды.

Осы айтулы күні, қымбатты екібастұздықтар, сіздерге зор денсаулық, амандық пен тұрақтылық, үйлеріңізге жылулық тілеймін!

Отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин