Екібастұздағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 250-ден астам маман жұмылдырылды

Екібастұздағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 250-ден астам маман жұмылдырылды

Екібастұз қаласындағы авариялық жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың ақпараты бойынша 30-қараша күнгі сағат 18:00-гі жағдай бойынша жылу тасымалдағыштың температурасы 93ºС (норма 84ºС), кері қайтару – 60ºС (норма 56ºС), сырттағы ауа температурасы -19ºС құрады.

Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық агрегат жұмыс істейді (№ 6,8,9,12,14,15), тағы 4 қазандық агрегат (№ 5,7,11,13) резервте тұр. Желілік суды толтыру сағатына 1200 тоннадан 750 тоннаға дейін төмендеді (норма сағатына 400 тонна).

30-қарашадағы жағдай бойынша жылумен жабдықтаусыз орталық жылу пунктіне (ОЖБ-52) қосылған 17 көппәтерлі тұрғын үй, 2 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат, сондай-ақ, 32 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) және 72 жеке тұрғын үй (ЖТҚ) қалды. Жөндеу бригадаларының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылды.

30-қарашадағы сағат 18:00-де 52-ОЖБ-гі жылу желілеріндегі зақымдануды жою және ысырманы ауыстыру үшін жылу желілерінің магистралі ажыратылды. Жоюдың болжамды уақыты-19:00 (жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты). Жылумен жабдықтаудан 149 КТҮ мен 114 ЖТҚ ажыратылған.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына 256 адам мен 43 техника жұмылдырылды. Ішкі жылыту жүйелерін жылыту және баптау жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 27-қарашадан бастап Екібастұздың білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, балабақшалар жұмыс істемейді.

Шұғыл көмек дер кезінде көрсетіліп жатыр. Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим 18-24ºС шегінде сақталады, бұл санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Екібастұз қалалық ауруханасында 255 пациент (оның ішінде 75 бала), оның ішінде перзентханада – 65 пациент (оның ішінде 28 бала) бар.

Қала тұрғындары үшін 14 жылыту пункті ашылды.

28 қарашадан бастап Екібастұз қаласының аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Павлодар облысы әкімінің м.а. бастаған авариялық жағдайды жою жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді.