ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілде Екібастұз қаласының ауыл, ауылдық округтерінің әкімін сайлауы бес сайлау округі бойынша өтті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағы, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Екібастұз қаласы ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы әкімдерді сайлау бойынша қорытынды нәтижелерін белгіледі:

 

Ақкөл ауылдық округі

Ақкөл ауылдық округіне әкімді сайлау

 

Сайлау округі бойынша тізімге 497 адам енгізілді, оның ішінде дауыс берген – 463. Жарамсыз бюллетеньдер саны-19, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 4.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Дузембаева А.Д. – 14; Кабылтаев Е.Ж. - 406, Кайрбаев Т.К. – 20.

Ақкөл ауылдық округіне әкім болып сайланды - Ерлан Жанбыртаевич Кабылтаев 1965 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Теміржол ауылдық округінің Құдайкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Байет ауылдық округі

Байет ауылдық округіне әкімді сайлау

 

Сайлау округі бойынша тізімге 730 адам енгізілді, оның ішінде дауыс берген – 658. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 21, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 15.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

АмантайДокторхан – 469; Каспакова К.А. - 86, Хавдолда А. – 67.

Байет ауылдық округіне әкім болып сайланды - Докторхан Амантай 1963 жылы туған, Байет ауылдық округінің әкімі, Байет ауылдық округінің Байет ауылында тұрады. «NurOtan» партиясы ұсынды.  

 

Теміржол ауылдық округі

Теміржол ауылдық округіне әкімді сайлау

 

Сайлау округі бойынша тізімге 719 адам енгізілді, оның ішінде дауыс берген – 719. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 57, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 5.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Айдарханова Ж.А. – 71; Касеналин Е.Е. - 472, Мусабеков Н.М. - 114.

Теміржол ауылдық округіне әкім болып сайланды – Ерлан Ермуратович Касеналин 1961 жылы туған, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылында тұрады. «NurOtan» партиясы ұсынды. 

 

Сарықамыс ауылдық округі

Сарықамыс ауылдық округіне әкімді сайлау

 

Сайлау округі бойынша тізімге 230 адам енгізілді, оның ішінде дауыс берген – 190. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 1.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Ахметбеков Т.Т. - 76; Исаева А.М. - 1, Сарсенова А.С. – 1, Сейсембаев М.К. - 109.

Сарықамыс ауылдық округіне әкім болып сайланды – Марат Кайрбекович Сейсембаев 1961 жылы туған, Сарықамыс ауылдық округінің әкімі, Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылында тұрады. «NurOtan» партиясы ұсынды. 

         

Шиқылдақ ауылы

         Шиқылдақ ауылына әкімді сайлау

 

Ауыл бойынша тізімге 266 адам енгізілді, оның ішінде дауыс берген – 198. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 53, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 2.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Енсебаева Г.Т. - 71; Калиева И.С. - 16, Мухамеджанова А.К. - 56.

 Шиқылдақ ауылына әкім болып сайланды – Гульнар Тулюбаевна Енсебаева 1967 жылы туған, Шиқылдақ ауылының әкімі,  Шиқылдақ ауылында тұрады. «NurOtan» партиясы ұсынды. 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес   Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілде сайланған Екібастұз қаласы  ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы