Екібастұз қаласы мен Солнечный кентіндегі екі сайлау учаскесінің орналасқан жерінің өзгеруі туралы ақпарат

       Құрметті Екібастұз қаласы мен Солнечный кентінің тұрғындары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Дауыс беру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Екібастұз қаласы мен Солнечный кентіндегі екі сайлау учаскесі басқа ғимараттарға көшірілгенін хабарлаймыз.

№ 516 сайлау учаскесі:

-бұрынғы мекенжайы: Екібастұз қаласы, Деповская көшесі, 1 («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының ғимараты);

-жаңа мекенжайы: Екібастұз қаласы, Астана көшесі, 4 («Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС ғимараты).

№519 сайлау учаскесі:

бұрынғы мекенжайы: Солнечный кенті, Жамбыл желекжолы, 1/1 («Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК ғимараты);

жаңа мекенжайы: Солнечный кенті, Абай көшесі, 45 («№28 Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ ғимараты).

Көрсетілген сайлау учаскелеріне тіркелген тұрғындардан дауыс беруге қатысуды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және барлықтарыңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз!