Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Екібастұз-сервис» КММ Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Екібастұз-сервис» ЖШС етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы хабарландыру

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Екібастұз-сервис» КММ Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Екібастұз-сервис» ЖШС етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы хабарландыру

Коммуналдық меншік объектілерін тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында қазіргі уақытта Екібастұз қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Екібастұз-сервис» КММ-ін Екібастұз қаласының ауылдық аймағының сумен жабдықтау желілерін одан әрі «Екібастұз-сервис» ЖШС-не беру үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Екібастұз-сервис» ЖШС-не қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Екібастұз-сервис» ЖШС негізгі қызметі Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы сумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсету болып табылады. Осыған байланысты, «ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ-не мемлекеттік кәсіпорын құруға келісім беру туралы қолдаухат жолданды (1 қосымшаның нысанына сәйкес Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрық). «Екібастұз дауысы» және «Отар» ақпараттық орталығы газеттерінде Екібастұз қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АД бөлімінің «Екібастұз-сервис» КММ несие берушілердің наразылықтарын білдіру үшін қайта ұйымдастыру туралы ақпараттық хабарламалар жарияланды.

«Екібастұз-сервис» КММ-ні «Екібастұз-сервис» ЖШС қайта ұйымдастыру бойынша оң шешім қабылданған жағдайда мамандандырылған техника сатып алу, Екібастұз қаласы ауылдық аймағының су құбыры желілерін пайдалану үшін қосымша жұмыс орындарын құру қажет.

Қазіргі уақытта»ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ жоғарыда аталған ҚМУ-ды «Екібастұз-сервис» ЖШС етіп қайта ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.