Қаланы абаттандыру және санитариялық тазалау айлығы жасыл желектер отырғызумен жалғасты. Ағаш отырғызуға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, еңбек ардагерлері, теміржолшылар мен жастар өкілдері қатысты. Гүлзарбақ аумағына 250 қайың отырғызылды.
Бұған дейін «Таза Қазақстан» аясында ауқымды акция өткізіліп,
600 ағаш отырғызылған болатын.