Екібастұз қаласының әкімі Беркімбаев көшесі, 166-үй тұрғындарымен кездесіп, абаттандыру, автотұрақ аймағын асфальттау, ағаштарды кесу және жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстарына қатысты бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Қала әкімі Аян Бейсекин бұл аула аумағын 2026 жылға арналған асфальттау жоспарына енгізуді, сондай-ақ ағаштарды санитариялық кесу және балалар алаңын тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.