Білім беру нысандарын жөндеу

Білім беру нысандарын жөндеу

Екібастұз қаласының әкімі биыл жөндеу жүргізілген №18 мектепке барды.

Жалпы алғанда, 23 мектеп ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 5 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар, аумақтарды абаттандыру, спорт инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

«Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің қолдауымен 25 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деп атап өтті Екібастұз қаласының әкімі.