Екібастұз қаласының әкімі аппараттық кеңес өткізіп, оның барысында өңірде жастар саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы ағымдағы жылдың басынан бері 25 мыңға жуық жасты қамтыған 400-ден астам іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады.
«Барлық бағыттарды, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі жастарды белсенді түрде тарту арқылы дамыту керек. Жасанды интеллектіні енгізу бойынша жұмысты күшейту қажет», – деп атап өтті қала әкімі.
Сондай-ақ кеңес барысында жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған, 2026 жылға арналған перспективалық жобалар талқыланды.