Екібастұз қаласының әкімі ескірген жедел сатыларды ауыстыру жұмыстарының барысын тексерді.
Тұрғын үй және оның барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тұрғындардың ортақ меншігі болып табылады. Үй шаруашылығын тиісті жағдайда ұстау тұрғындардың міндеті.
«Осы жылы жедел сатыларды жаңғыртуға арналған арнайы бағдарламаны іске қосу жөнінде шешім қабылдадық, оған қалалық бюджеттен шамамен 200 миллион теңге бөлінді. Бұл бағдарлама жедел сатыларды бүгін жаңартуға мүмкіндік береді, ал төлемді 7-10 жыл аралығында жүргізуге болады. Қайтарылған қаражат жаңадан келіп түскен өтінімдерді қаржыландыруға жұмсалады», — деді Аян Бейсекин.
Қазіргі таңда 10 өтінім бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр, тағы 8 өтініш қаралуда.