Биылғы жылы 50 балалар ойын алаңын, 9 стритворкаут және стритбол алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 9 жұмыс атқарылуда.
Аян Бейсекин биыл аула жолдарын асфальттау, жарықтандыру және жаяужолдарды жайластыру жұмыстары жоспарланған М.Жүсіп көшесі, 52-үйдің ауласында болды.
«Біздің алдымызда алдағы екі-үш жыл ішінде қаланың барлық аулаларын абаттандыру міндеті тұр», – деді Екібастұз қаласының әкімі.