Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлікті табыс етті
2025 жылғы 10 шілдеде Шиқылдақ ауылы активінің жиналысы өтіп, онда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары А.М. Касенова ауылдың әкімі болып сайланған Г.Т. Енсебаеваға куәлік тапсырды. Тікелей сайлау нәтижесінде Шиқылдақ ауылының әкімі болып Енсебаева Гульнар Тулюбаевна сайланды.
Гульнар Тулюбаевна 1967 жылғы 18 қаңтарда Баянауыл ауданының Комсомол кеңшарында дүниеге келген. Комсомол ауылдық округі әкімі аппаратында есепші, маман болып жұмыс істеді. 2013 жылдан Шиқылдақ ауылының әкімі. «АМАNАТ» партиясымен ұсынылды.