Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерге куәліктерді табыс етті
2025 жылғы 9 шілдеде Ақкөл және Теміржол ауылдық округтері активінің жиналыстары өтіп, онда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары А.М. Касенова және хатшысы Р.З. Оспанова ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған Е.Ж. Кабылтаевқа және Т.Т. Ахметбековке куәліктер тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып Ерлан Жанбыртаевич Кабылтаев сайланды.
Ерлан Жанбыртаевич 1965 жылғы 18 шілдеде Екібастұз ауданының Ақкөл кеңшарында дүниеге келген. 1989 жылдан бастап Екібастұз ауданының мемлекеттік органдарында мал шаруашылығы маманы, «Ақкөл» кеңшарында басқарма төрағасы, Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Ол 17 жылдан астам Екібастұз қаласының әртүрлі ауылдық округтерінде әкім болып қызмет атқарды. 2021 жылдан бастап сайлауға дейін Ақкөл ауылдық округінің әкімі болды. «АМАNАТ» партиясымен ұсынылды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Теміржол ауылдық округінің әкімі болып Ахметбеков Талгат Темирболатович сайланды.
Талгат Темирболатович 1980 жылғы 22 маусымда Екібастұз қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында 23 жылдан астам қызмет еткен, курсант, взвод командирі, рота, батальон, полк командирінің орынбасары. «АМАNАТ» партиясымен ұсынылды.