Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерге куәліктерді табыс етті

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерге куәліктерді табыс етті

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерге куәліктерді табыс етті

            2025 жылғы 8 шілдеде Бәйет және Сарықамыс ауылдық округтері активінің жиналыстары өтіп, онда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы А.Т. Оспанова ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған К.Ш. Шайхсламовқа және С. Халиханұлына куәліктер тапсырды.   

             Тікелей сайлау нәтижесінде Бәйет ауылдық округінің әкімі болып Канат Шайхсламович Шайхсламов сайланды.           

  Канат Шайхсламович 1978 жылғы 23 ақпанда Баянауыл ауданындағы Жосалы кеңшарында дүниеге келген. 14 жылдан астам уақыт бойы Екібастұз қаласындағы Атығай орта мектебінде мұғалім, кейін директор болып қызмет атқарды, 2014 жылы Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап сайлауға дейін Екібастұз қаласындағы № 26 мектеп – гимназиясының басшысы болды. «AMANAT» партиясымен ұсынылды.

            Тікелей сайлау нәтижесінде Сарықамыс ауылдық округінің әкімі болып Халиханұлы Салауат сайланды.          

   Салауат Халиханұлы 1990 жылғы 22 мамырда Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы Павлодар ауданы Достық ауылындағы мектепте биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2019 жылдан бастап Сарықамыс ауылындағы мектепте биология пәнінің мұғалімі, «Сарик» шаруа қожалығының жетекшісі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.