«Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Екібастұз қаласының әкімімен бір күн өткізіп, жергілікті атқарушы органның қызметімен танысты.
Жалпы, күні бойы №24 мектептің оқушылары Диана Мидинова мен Артем Довбыш қаланы дамыту жөніндегі кеңестерге, спорттық турнирге, түрлі кездесулер мен жиналыстарға қатысып, абаттандыру мәселесі бойынша қаланы аралады, сондай-ақ олар үшін әкімдік бойынша экскурсия өткізілді.
Соңында балалар өз әсерлерімен бөлісті.
«Әкімдік қызметкерлерінің жұмысын іштен көру өте ерекше және қызықты болды. Осындай мүмкіндік үшін рақмет», - деді Диана Мидинова.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин балаларға ақыл-кеңесін айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.