Әкім қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді

Әкім қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді

Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жалғасуда.

Екібастұз қаласының әкімі жылу магистральдарын реконструкциялау барысын тексерді. Ағымдағы жылы №2 ЖМ және №7 ЖМ қайта жаңартылатын болады.

Осыған дейін мердігер ұйымдардың алдына бекітілген жоспарлар аясындағы жұмыстың бір бөлігін маусым айының ортасына дейін аяқтап, көпқабатты кейбір тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтауға қосу міндеті қойылған болатын.

«Алдымызда қайта құру салдарынан ыстық су болмаған
70-тен астам үйді ыстық сумен жабдықтауға қосу және су құбырларын шаю міндеті тұрғанын айтқан болатынмын», -
деп ерекше атап өтті Аян Бейсекин.

Сондай-ақ, әкім жұмыс қарқынының жақсы екенін, мердігер ұйымдар барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты.