Екібастұз қаласының әкімі балалар мен спорт алаңдарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
Ағымдағы жылы облыс әкімінің қолдауымен және қалалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 50 балалар және
11 спорт алаңының құрылысы жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта барлық 50 ойын алаңының негізі салынып,
25-інің тартан жабыны төселді, енді шағын нысандар орнатылуда.
«Мердігер ұйымдардың алдында барлық жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтау міндеті тұр. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысына өзім бақылау жүргізетін боламын», - деді Аян Бейсекин.
Сондай-ақ қала әкімі соңғы 3 жылда 170-тен астам аула абаттандырылып, биыл тағы 50 аула жөнделетінін атап өтті. Қалған учаскелерді 1-2 жыл ішінде қамту жоспарлануда.