Қаланы жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Екібастұз қаласын жарықтандыру бойынша барлық жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінген. Қазіргі уақытта барлығы 150 аулаға,
40-қа жуық көшеге және 40-тан астам орамішілік учаскеге жарық өткізілді.

«Біз 2 жылдың ішінде барлық 279 ауланы, 50-ден астам орамішілік аумақты, сондай-ақ 68 көшені жарықпен қамту міндетін қойдық. Азаматтар үшін жайлы жағдай жасау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты назарда», - деді Аян Бейсекин.

Қала басшысы атап өткендей, екі жыл ішінде республикалық, облыстық және қалалық бюджеттер есебінен 2,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.