Қала әкімі жылу магистральдарын қайта жаңарту барысын тексерді

Қала әкімі жылу магистральдарын қайта жаңарту барысын тексерді

 

Ағымдағы жылы №2 және №7 жылу магистральдары қайта жаңартылатын болады.

«Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жалғасуда. Жұмыс қарқыны жақсы, мердігер ұйымдар барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген», - деп атап өтті Аян Бейсекин.

Екібастұз қаласының әкімі мердігер ұйымға, техникалық және авторлық қадағалау ұйымдарына барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес мерзімінде аяқтауды және сапаны қамтамасыз етуді тапсырды.