Қала әкімі асфальттау барысын тексерді

Қала әкімі асфальттау барысын тексерді

Қала тұрғындары Ә.Молдағұлова көшесін күрделі жөндеу қажеттігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді.

«2 жыл бұрын осы көшеде инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді. Қазір жер орнығып, енді көшені күрделі жөндеуге кірістік. Мердігер ұйымның алдына төсемтастарды салу кезінде жеке үйлерге барлық кірме жолдарды ескере отырып, жұмыстарды сапалы орындау міндетін қойдым», - деді Екібастұз қаласының әкімі.

Мердігер ұйым жұмысқа кірісті, барлығы шамамен 2 км жол асфальтталады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ‒ маусым айының соңы.