Меню

Страницы

Статья

Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері мен Шиқылдақ ауылы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2021 жылғы 15 шілдеде Екібастұз қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «2021 жылғы 25 шілде тағайындалған Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері мен Шиқылдақ ауылы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Сайлау комиссиясының төрағасы С. С. Төлеубаев Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері мен Шиқылдақ ауылы әкімдігіне

кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

2021 жылғы 14 шілде сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері мен Шиқылдақ ауылы әкімдігіне ұсынылған 17 кандидаттың 16-ын тіркегенін хабарлады.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тексеру талаптарына сәйкес еместігі бойынша 1 кандидатқа тіркеуден бас тартылды.

Тіркелген кандидаттар қатарында 7 (43,7 %) ер адам және 9 (56,3 %) әйел адам.

Мамандықтары бойынша: 1- әскери қызметші (отставкада), 10-мектеп мұғалімдері, 1 – зоотехник, 1- инженер-экономист-эколог, 1 - политолог, 1 - инженер-жерге орналастырушы.

Кандидаттар арасында:

9 - мемлекеттік мекеменің қызметкерлері;

5 – мемлекеттік қызметкер;

2 – уақытша жұмыссыз.

09 шілде сағат 18.00-ден бастап Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Сарықамыс,

Теміржол ауылдық округтері мен Шиқылдақ ауылы әкімдігіне тіркелген

барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының «2021 жылғы 25 шілде тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерге әкімдерін сайлауға республикалық бюджеттен берілетін жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өтелетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін үміткерге қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаланы жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының төрағасы БАҚ – ның өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Ақкөл ауылдық округі:

1) Дузембаева Айгуль Думаковна, 1975 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің персоналды басқару қызметінің бас маманы, Екібастұз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

2) Кабылтаев Ерлан Жанбыртаевич, 1965 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Құдайкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

3) Кайрбаев Турсынгали Кабзакирович, 1965 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеменің статисті, Екібастұз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Байет ауылдық округі:

1) Амантай Докторхан, 1963 жылы туған, «Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме Байет ауылдық округінің әкімі, Байет ауылында тұрады, «NurOtan» саяси партиясы ұсынды;

2) Каспакова Куралай Азаматовна, 1975 жылы туған, «Атығай жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеменің химия мұғалімі, өзін-өзі ұсынды;

3) Хавдолда Азипа, 1989 жылы туған, «Байет жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеменің бастауыш сынып мұғалімі, өзін-өзі ұсынды.

Теміржол ауылдық округі:

1) Айдарханова Жумагуль Аманжоловна, 1977 жылы туған «Майқайын жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеменің музыка мұғалімі, өзін-өзі ұсынды;

2) Касеналин Ерлан Ермуратович, 1961 жылы туған, «Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме Теміржол ауылдық округінің әкімі, Құлакөл ауылында тұрады, «NurOtan» саяси партиясы ұсынды;

3) Мусабеков Нурболат Маканович, 1974 жылы туған, «Майқайын жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеменің технология мұғалімі, өзін-өзі ұсынды.

Сарықамыс ауылдық округі:

1) Ахметбеков Талгат Темирболатович, 1980 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Павлодар қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

2) Исаева Анар Максутовна, 1976 жылы туған, Екібастұз қаласы әкімдігінің

мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өнер» қалалық мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпоронының бас есепшісі, Екібастұз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

3) Сарсенова Алтынгуль Сактапбергеновна, 1973 жылы туған, «Екібастұз қаласы

психологиялық-медициналық-педагогикалық кенес беру» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушы – психологы, Екібастұз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

4) Сейсембаев Марат Кайрбекович, 1961 жылы туған, «Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме Сарықамыс ауылдық округінің әкімі, Сарықамыс ауылында тұрады, «NurOtan» саяси партиясы ұсынды.

Шиқылдақ ауылы:

1) Енсебаева Гульнар Тулюбаевна, 1967 жылы туған, «Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме Шиқылдақ ауылының әкімі, Шиқылдақ ауылында тұрады, «NurOtan» саяси партиясы ұсынды;

2) Калиева Индира Сарсембаевна, 1987 жылы туған, «Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеменің биология, шет тілдер мұғалімі, Шиқылдақ аулында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

3) Мухамеджанова Алия Каппаровна, 1972 жылы туған, «Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеменің бастауыш сынып мұғалімі, өзін-өзі ұсынды.

Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
15 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
24 апреля 2024
Дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату туралы
Баспасөз релиздері
19 марта 2024
Азаматтардың зейнетақы жинақтарының қорғалуы. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару арқылы басқару
Баспасөз релиздері
19 марта 2024
Өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы. БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер мен ӨСК-дан берілетін төлемдер арасындағы айырмашылығы. Бірлескен аннуитет.

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары