2022 жылғы 11 желтоқсан Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің әкімінің сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының Шідерті поселкесінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2238 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 1579. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 18, «Бәріне қарсымын» белгісі бар - 17.
Әр кандидатқа берілген дауыстардың саны:
Акажанова К.Х. – 176, Какожанов М.С. - 1086, Шулькебаев Е.С. - 282 .
Шідерті поселкесінің әкімі болып сайланды:
Мурат Сагадатович Какожанов, 1968 жылы туған, «Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме Шідерті поселкесінің әкімі, Шідерті поселкесінде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы