2025 жылғы 26 қазанда № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 6120 азамат енгізілді. Дауыс беруге 3131 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
А.А. Сычев үшін сайлаушылардың 696 дауысы берілді,
Д.П. Черкашин үшін сайлаушылардың 2216 дауысы берілді,
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 181.
Сайлау қорытындылары бойынша № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып Черкашин Денис Петрович сайланды, ол 1975 жылы туған, «Future Engineering Laboratory Ltd» жеке компаниясының директоры, Екібастұз қаласында тұрады.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы