Екібастұз қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы хабарлама
(2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)
2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де Екібастұз қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 ер адам.
1 кандидат партиялық емес, 2 - партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас 40 жасты құрайды.
3 кандидаттың жоғары білімі бар, барлығы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, ол 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы