ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 4 маусымда бір сайлау округінде академик Әлкей Марғулан атындағы ауыл әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиясының Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімін сайлау нәтижелерін хабарлайды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 274 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген - 177, соның ішінде: есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде – 13. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсы» белгісі бар - 3.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен барлығы 3 кандидат сайлауға түсті: Бауыржан Кенжетаевич Бозтаев, Роза Айдаркановна Мукашева, Аманжан Ерланович Султанов.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Б.К. Бозтаев – 101, Р.А. Мукашева – 48, А.Е. Султанов – 15.
Нәтижесінде академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімі болып Бауыржан Кенжетаевич Бозтаев сайланды. Ол 1976 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, академик Әлкей Марғулан атындағы ауылында тұрады, сайлауға өзін-өзі ұсынды.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы