«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141216, Солнечный поселкесі, Конституция даңғылы 1, анықтама телефондары: 8 (7187) 224656, 224549, электрондық мекенжайы: akim.solnechny.ae@pavlodar.gov.kz.
Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімі аппаратының «Мақпал» мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен- жайы: 141216, Солнечный поселкесі, Жамбыл бульвары, 1/1,телефондары 8 (7187) 224543, 224834
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: ұрпақтың сабақтастығын сақтау, Қазақстан халықтарының мәдениетін дамыту, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің мәдени тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
- техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Конституцияны;
- Бюджет кодексін;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;
- Еңбек кодексін;
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
- ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 04 – сәуір «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде.