Меню
Страницы

Юбилейный МҮ директорының бос орнына конкурс

Юбилейный МҮ директорының бос орнына конкурс

«Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141220, Шідерті поселкесі, Қаныш Сәтбаев көшесі, 20, анықтама телефондары: 8(7187)398552, 398248, электрондық мекенжайы: akim.shiderty.ae@pavlodar.gov.kz.
Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі аппаратының «Юбилейный» мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен- жайы: 141220, Шідерті поселкесі, Жастар көшесі, 13, телефондары 8(7187)398562
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: ұрпақтың сабақтастығын сақтау, Қазақстан халықтарының мәдениетін дамыту, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің мәдени тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Педагогикалық ғылымдар (жалпы дамыту бағытындағы пәндік мамандандыруы бар, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы;
- техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметінің саласындағы мамандық бойынша басқарушылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны: 2026 жылғы 28 тамыз «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері