📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
🔹Павлодар облысының кадрлық комиссиясы Павлодар облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
🔹Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
- Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
- жоғары білімі;
- үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
🔹Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
- индустрия және өнеркәсіп;
- экономика және қаржы;
- әлеуметтік сала;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
- агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
- цифрландыру;
- экология.
🔹Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн - платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: pavlodar@onir.pkrezerv.gov.kz, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5а, 4 қабат, 410 кабинет.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн - платформада(onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында pavlodar.onir.rezerv.kz және келесі телефоны арқылы: 8 (7182) 20-83-35 алуға болады.