Ақкөл ауылында 2024 жылдың 26 наурыз күні Наурыз мейрамына орай, спорт жетекшілері Шөпшин Оразалы Қадырұлы және Ақтаев Бақтияр Қабдырашитұлының ұйымдастыруымен волейболдан жолдастық кездесу өтті. Жарысқа Ақкөл ауылының "Ақкөл-1", "Ақкөл-2" командалары,Екібастұз қаласында тұратын ақкөлдіктердің "Достық" командасы және Ақтоғай ауданының Ақжол ауылдық округінің "Ақжол" командасы қатысты.