2024 жылы жайылымдарды пайдалану туралы

2024 жылы жайылымдарды пайдалану туралы

       Бүгін 2024 жылғы 27 ақпанда ауылдық округ әкімі аппаратының кесесінде Ақкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық кеңесінің отырысы өтті.

       Аталған жиында Ақкөл ауылдық округінің әкімі Е.Кабылтаев «Ақкөл ауылдық округі аумағында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және оны іске асыру қортындылары туралы» баяндама жасады.

        Өз кезегінде Жергілікті қоғамдастық төрағасы Д.Оспанов бастаған жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелері ауылдық округ әкімінің есебін талқыға салып, 2024 жылы жайылымдарды пайдалану туралы ұсыныстар жасап, ағымдағы жылдың наурыз айында округтің елді мекендерде «2024 жылы жайылымдарды пайдалану туралы» тұрғындардың жалпы жиналсын өткізуді ұйымдастыруды ұсынды.