«Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есепке 2024 жылғы 4-тоқсанға талдаулық анықтама.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

          1) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту,

          2) Жер учаскесінің мақсаттық бағытын өзгерту туралы шешім беру,

          3) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,

          4) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне тендерлер (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу,

          5) жер учаскесін жеке меншікке бірден төлем немесе бөліп төлеу арқылы сату,

          6) жер учаскесін алу үшін кезекке қою. 

Ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында «мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне тендерлер (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу» деген 2 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, жер кодексінің 52-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша, көшпелі мүлікке құқық негіздемелік құжаттарының болмауына байланысты -1.

Мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар етуге практикалық көмек көрсету, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру-насихат шаралары жүргізілуде.

         Ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында жалпы қамтылғандар саны 856 адамды құрайтын 4 түсіндіру-насихат шарасы өткізілді. Атап айтқанда:

1) 2024 жылдың 08 қазанында E-License порталында жеке тұлғалардың eGov QR арқылы мемлекеттік қызметтер алуы туралы бейне жарияланды. (Аудиторияны қамту 343 адам).

2) 2024 жылдың 27 қарашасында eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «несие және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» бейнесі жарияланды. (Аудиторияны қамту 156 адам).

3) 2024 жылдың 20 желтоқсанында eGov.kz сайтында портал және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «Ф-6 анықтамасын қалай алуға болады» оқыту бейнесі жарияланды. (Аудиторияны қамту 201 адам).

4) 2024 жылдың 26 желтоқсанында eGov.kz сайтында портал және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» оқыту бейнесі жарияланды. (Аудиторияны қамту 156 адам).

      Қазіргі уақытта Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының, Ақкөл ОМ және Шідерті БОМ ғимараттарында өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 2024 жылдың 4-ші тоқсанында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 19 адам электрондық цифрлық қолтаңба жасады.       

     Халық арасында электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтер алуды насихаттау жұмысы үнемі бақылауда.

     Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан, округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының сапасына қатысты шағымдары түскен жоқ.

«Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есепке 2024 жылғы 4-тоқсанға талдаулық анықтама.
Дата публикации
11 марта 2026