
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж арасындағы ынтымақтастық аясында жыл сайын болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірі – «Оқытушылар мен білім алушылардың жобалық қызметі жеке бағдарланған оқыту әдісі» тақырыбындағы облыстық проактивті педагогтардың шығармашылық зертханасы. Модераторлар — колледж оқытушылары Г.Б.Байтенова мен У.В.Комлева.
Нысаналы мектептердің мұғалімдері мен колледж студенттеріне Б.Момышұлы атындағы, №25, С.Торайғыров атындағы және №39 жалпы орта білім беру мектептерінің педагогтары мен оқушылары «Командалық оқыту», «Бастауыш мектептегі жобалар», «Олимпиадалық қозғалыс» және басқа да педагогикалық жобаларын таныстырды. 1-11 сынып оқушылары биология, медицина, тарих, филология, физика, химия, экология және өнер бағыттарында зерттеу және шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Оқытушылары мен колледж студенттері үшін бұл жобалық қызмет оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерудің маңызын көрсетіп, құнды тәжірибе болды.