Химия пәнінен оқушылардың халықаралық Менделеев олимпиадасы 2025 жылғы 5-13 мамыр аралығында Белу-Оризонте қаласында (Бразилия) өтті. Биыл олимпиадаға әлемнің 40 елінен келген оқушылар қатысты.
Қазақстан Республикасына республикалық олимпиаданың 10 жеңімпаз оқушысы, оныңішінде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11сынып оқушысы Ярослава Кравчук қатысты.
Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Ярослава қола жүлдегер атанды (мұғалім - Оксана Владимировна Колдашева).