Павлодарлық каратэшілердің Қарағандыдағы турнирдегі жетістігі

Павлодарлық каратэшілердің Қарағандыдағы турнирдегі жетістігі

Қарағандыда өткен Каратэден «KaragandaOpen 2025» төрт күндік ауқымды республикалық турнирге Қазақстанның 12 өңірінен 500-ден астам каратэші қатысты. Қатысушылар арасында 10, 12 - 14, 16 жастағы 20 жас спортшыдан тұратын Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының командасы ерекшеленді.

Бұл күндер шиеленіске, жарқын жекпе-жектерге және шынайы эмоцияларға толы болды – нағыз каратэ рухы. Қатысушылардың әрқайсысы татамиге  сенімділікпен, жеңіске жету ниетімен шықты.

Турнирдің нәтижесі жігерліктерге лайықты болды - жетістіктер қоржынын 15 медальмен толықтырды. Кумитэ бөлімінде 1 «алтын», 2 «күміс» медаль, сонымен қатар кумитэ, ката бөлімдерінде  12 «қола» медаль.

Команданың жетістігі әр оқушыға білім мен жаттықтырушылық жұмыс тәжірибесін беретін тәлімгерлерсіз мүмкін емес. Олар өздерінің жас каратэшілерінің турнирдегі жетістіктерін атап өтті.

- Балалар мінезін, төзімділігі мен жауынгерлік рухын көрсетті. Мен олардың әрқайсысын мақтан тұтамын! Тәрбиеленушілеріміз Павлодардың намысын қорғай алатынын көрсетті, -  деді Владислав Никитин.

- Бұл медальдар тек марапаттар емес. Бұл күнделікті жұмыстың, күш пен өсудің символы. Біз жауынгерлерді, болашақ спортшыларды тәрбиелеп келеміз -  деді мақтанышпен Фархат Оспанов.

- Біздің спортшылар мықтылармен тең дәрежеде шайқасты. Бұл балалар, ата - аналар мен жаттықтырушылардың командалық жұмысының нәтижесі – деді Сергей Галенза.

- Бұл тек бастамасы, алда - жаңа шыңдарды бағындырып, жеңістерге қол жеткіземіз – деді Олег Минин.

Қарағандыдағы Турнир жігерліктер үшін нағыз жеңіс болды. Ең бастысы – медальдар саны емес, тәрбиеленушілер арасындағы достық пен  өздеріне деген сенімдерінің өскені.