Көріп отырғандарыңыз тек қысқа ғана бейнебаян емес…
Бұл өткеннің балалар жүрегінде сақталып, мектеп таңының тыныш атуы…
Бұл мектеп оқушыларының қан майданнан жолданған сағыныш хаттарын оқуы…
Бұл сұрапыл соғыстан оралып, үнсіз қалған қария бейнесіндегі ұстаздың көздері…
Ұлы Жеңістің орнағанына 80 жыл өтті. Бірақ бұл оқиға тек кітапта емес, біздің есімізде және батырларға деген тағзымымызда көрінеді. Аталмыш бейне патриоттық тәрбие мен тарихи естеліктерді сақтау аясында түсірілді. Түсірілімге Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының “ №4 арнайы мектеп-интернаты” КММ педагогтары мен тәрбиеленушілері қатысты.